Telegram Desktop-қа ықшам режім қосылды

Read the original announcement in English

Windows, OSX және Linux жүйелеріне арналған ресми Telegram қолданбасы енді ықшам режімде қолжетімді, терезенің өлшемін өзгертіп, тек бір ғана баған қалатындай етіп кішірейте аласыз. Бұл Telegram-ды экран өлшемі шағын компьютер не ноутбук құрылғыларында қолдануды жеңілдетеді.

Telegram Desktop нұсқасын desktop.channel.jimmylv.info/static сайтынан жүктей аласыз. Өткен аптадан бастап бұл қолданба біздің OSX қолданбасымен қатар Mac AppStore ішінде де қолжетімді.

Компьютерде тіркелу үшін телефон нөміріңізді енгізіп, Telegram арқылы телефоныңызға келетін кодты қолданыңыз. Құпия чаттарды қоспағанда, барлық хатыңыз құрылғыларыңыздың арасында бірден үйлестіріледі, сондықтан қай құрылғыда тоқтасаңыз, соны басқа құрылғыда жалғастыра аласыз.


22 желтоқсан
Telegram командасы

Boshqa yangiliklar

ЖИ өңдегіші, қуатты сауалнама, Live Photos, ботты басқаратын бот және т.б.

Бүгінгі жаңартуда біз небәрі екі рет басып мәтініңізді аудара, өзгерте немесе түзете алатын ЖИ өңдегішті, сауалнамаға арналған медиа тіркеу…
31-mar, 2026

Мүше белгісі, Telegram арқылы кіру, жөнелтуді өшіру, GIF өңдеу, күнді пішімдеу, дауыс берудің уақыт белгісі

Бүгінгі жаңартуда біз топ мүшелерінің өздерінің кім екенін көрсетуіне көмектесу үшін белгілерді…
1-mar, 2026

Жаңа дизайн, сыйлық жасау және т.б.

Бұл жаңарту айрықша жаңа сыйлықтар жасауға арналған крафтиң жүйесін, Android-қа арналған Telegram тарихындағы ең үлкен бетбейне жаңартуын және т.б. мүмкіндіктерді қосады.
9-fev, 2026

ЖИ түйіндемесі, жаңа дизайн және т.б.

Telegram-ның 2026 жылғы бірінші жаңартуы арна жазбалары мен көз жүгірту парақшасына арналған iOS пен ЖИ түйіндемесі үшін одан да көп Liquid Glass бетбейнесін әкеледі, олар құпиялықты…
3-yan, 2026