Топтық бейнеқоңырау

Read the original announcement in English
Топтық бейнеқоңырау

Бүгінгі жаңарту топтардағы дауысчат кезінде камераңызды қосуға немесе экраныңызды бөлісуге мүмкіндік береді, барлық құрылғыларда, соның ішінде планшеттерде және компьютерлерде. Бұл дауысчатты жаңа деңгейге көтеріп, онлайн сабақтарға, іскерлік кездесулерге және отбасылық басқосуларға дайын етеді.

Сонымен қатар біз анимациялы фондарды, сәнді хат анимацияларын және т.б. енгізіп отырмыз, бұл жайлы екінші блог жазбасын толтыруға жеткілікті.

Топтық бейнеқоңырау

Енді кез келген топтағы дауысчатты бірден топтық бейнеқоңырауға айнала алады, бейнеге ауыстыру үшін камера таңбасын басыңыз.

Кез келген бейнені басып, оны толық экранға шығара аласыз. Бейнені бекітсеңіз, жаңа қатысушылар қосылып, камераларын қосқан кезде де ол назарда қалады.

Дауысчат бастау үшін, әкімші басқырып тұрған тобының бейініндегі ⋮ мәзірін ашыңыз (iOS-та топ бейінінде «Дауысчат» батырмасы бар).

Тек аудио қатысушылар саны шексіз, ал бейне әзірше дауысчатқа қосылған алғашқы 30 адамға қолжетімді. Бұл шектеу жақында артып, дауысчаттары ойын стримдеудін, тікелей эфирлерді және т.б. қамтиды.

Экран көрсету

Камераңыздан бөлек, экраныңызды көрсете аласыз немесе екеуін қатар қолдана аласыз.

Экраныңызды көрсету үшін кез келген қолданбадағы ⋮ немесе ⋯ батырмасын басып, мәзірден таңдаңыз.

Шу басқыш теңшеуі

Біз дауысчаттағы шу басқышты жақсарттық, осылайша бәрінің дыбысы анық әрі таза шығады, тіпті қытырлақ нәрсе жеп отырсаңыз да. Сонымен қатар баптау арқылы шу басқышты өшіруге болады, кейде «шайнау» маңызды болғанда.

Шу басу баптауы

Планшет және компьютер қолдауы

Планшеттер мен компьютерлерде экран кеңірек және көбірек көрсету мүмкіндігі бар, бүйір тақтаны ашып, бейне тор мен қатысушылар тізімін екіге бөлінген экранда көре аласыз. Бұл портреттік және ландшафтық бағыттауға оңтайландырылған.

Компьютердегі дауысчат жеке терезеде ашылады, сондықтан ештеңені кішірейтпей-ақ сөйлесіп, жаза аласыз. Desktop қолданбаларында таңдамалы экран көрсету бар, ол арқылы бүкіл экранды емес, тек жеке бағдарламаны көрсетуге болады.

Desktop қолданбасын қолданғанда, экран көрсетуді бастаған кез келген адам автоматты түрде бекітіледі. Бұл шағын командалар жұмысын үйлестіру үшін өте пайдалы.

Тағы не бар?

Бүгінге осы… Жоқ, күте тұрыңыз. Шын мәнінде, біз бір емес, екі жаңарту жасап отырмыз:

Анимациялы фон және т.б. жайлы оқыңыз.


2021 жылы 25 маусым
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

환영 메시지, 메시지 내 버튼 및 서명된 선물

그룹이나 채널의 새로운 멤버를 환영하는 환영 메시지, 어떤 텍스트도 상호작용적으로 만들어주는 메시지 내 버튼, 메시지 내 인라인 문서 등 다양한 새로운 기능을 소개합니다.
25 там 2026

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026