Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және т.б.

Read the original announcement in English
Эфир, қайталанатын хат, сыйлық аукционы және тағы басқасы

Бүгінгі жаңартуда хикая ішінде чатпен бірге эфирді бастай аласыз. Бұған қоса, қайталанатын жоспарланған хаттар, жаңа сыйлықтар үшін әділ бөлуді қамтамасыз ететін аукцион жүйесі және тағы басқалар қосылды.

Эфир

Енді әрбір Telegram қолданушысы Telegram хикая арқылы нақты уақытта тәжірибесін бөлісу үшін тікелей эфир жүргізе алады.

Кез келген көрермен топтық қоңыраулар мен бейнечаттардағыдай пікір жібере алады. Контент жасаушыларды қолдау және пікіріңізді ерекшелеу үшін хат бауырсағы таңбасын басып, Telegram жұлдыз көмегімен пікіріңізді ерекшелеп бекіте аласыз.

Эфир экранындағы төменгі бұрыштағы жұлдыз таңбасы жүргізушінің осы уақытқа дейін қанша жұлдыз жинағанын көрсетеді, ал көрермендер таңбаны басып, қосымша жұлдыз жіберіп қолдай алады.

Эфир қолданушы бейіндерінен, сондай-ақ дауыс арқылы хикая жариялауды ашқан топтар мен арналардан іске қосылады. Эфир әдеттегі хикая сияқты құпиялық баптауларын ұсынады: Бәрі, Контакт, Жақын достар мен Таңдаулы.

Эфир хостингі

Эфирлер OBS, XSplit сияқты сыртқы қолданбаларға арналған RTMP кілттерін қолдайды, бұл контент жасаушыларға бар жабдығымен Telegram-да үнемді әрі жатық эфир жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлерді басқару немесе бір пікірге баға орнату үшін эфир кезінде жоғарғы бұрышты басып, «Эфир баптауы» таңдаңыз. Қолданушыны чат әкімшісі ету үшін оларға топта немесе арнада «Бейнечат/эфир басқару» әкімші құқықтарын беріңіз.

Қайталанатын хат

Жоспарланған хаттар мен еске салғыштарды енді жұмыс тапсырмаларын автоматтандыруға немесе пайдалы әдеттерді дамытуға көмектесу үшін күнделікті немесе айына екі рет сияқты тұрақты аралықтармен қайталанатын етіп орната аласыз.

Кез келген чатта «Жіберу» батырмасын ұзақ басып тұрып, хатты жоспарлаңыз. Қайталануын қосу үшін «Қайталау» батырмасын басып, өзіңізге керек аралықты таңдаңыз.

Жаңа сыйлықтарға арналған аукцион

Telegram сыйлықтары – бұл бірегей жиынтықтарды статусыңызда тасуға, блокчейн әмияныңызға ауыстыруға немесе нарықта сауда жасауға болатын бірегей жиынтықтар. Сирек сыйлықтарды кейде бірнеше секундта сатылып кетеді.

Бұл жаңарту әділ таратуды қамтамасыз ету үшін жаңа сыйлықтар үшін аукцион жүйесін қолданады. Қолданушыларға бірнеше кезеңде жаңа сыйлықтарға жұлдыздармен баға ұсынысын жасауға мүмкіндік береді.

Аукциондағы орныңыз сыйлығыңыздың бірегей нөмірін анықтайды, сондықтан 1-кезеңдегі үздің аукционшы #1 сыйлықты, 2-орын #2 сыйлықты алады және т.б.

Әр кезеңнің соңында ең жоғары баға ұсынғандар сыйлықтар алады, ал төмен бағалар автоматты түрде келесі кезеңге өтеді. Барлық сыйлық таратылғаннан кейін, қалған ұсыныстар автоматты түрде қайтарылады.

Бірнеше сыйлық алу үшін бірнеше рет қатыса аласыз және кез келген уақытта ұсынысыңызды арттыру арқылы мүмкіндіктеріңізді арттыра аласыз. Баға ұсыну бетбейнесінде сол кезеңдегі сыйлық ұтып алу үшін қанша жұлдыз қажет екенін көре аласыз.

Сатылымдағы сыйлықтарды шолу үшін Баптау > Сыйлық жіберу тармағына өтіңіз.

Сыйлық аукциондарында «Аукцион» баннері мен арнайы t.me/auction сілтемелері бар. Жақында келесі аукцион болады, бізбен бірге болыңыз!

Жаңа бетбейне дизайны

iOS жүйесіне арналған Telegram енді қайта жобаланған бейіндерді, жаңартылған баптау мәзірін және жаңа тіркеме мәзірлерін қоса, одан да көп Liquid Glass бетбейнелерін ұсынады, барлығы талғампаз және қуатты үнемдейтін анимациялары бар.

Дәл солай Android жүйесіне арналған Telegram да минималистік дизайнымен және айналдыру кезінде жағымды бұлыңғыр әсерлері бар жаңа теру өрісін ұсынады.


2025 жылы 19 қараша
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026