Топтық қоңыраудағы пікір, контактіге арналған ескертпе, ұсынылатын туған күн және т.б.

Read the original announcement in English
Comments in Group Calls, Threads for Chatbots and More

Бүгінгі жаңартуда біз топтық қоңыраулар мен бейнечаттарда пікірлер мен реакцияларды, контакттер үшін ескертпелерді, ұсынылатын туған күндерді, бейін түстерін баптаудың жаңа тәсілдерін — сондай-ақ ЖИ боттар үшін тақырыптық чаттарды және ағынды жауаптарды, сыйлықтарға арналған жетілдірулерді, iOS-тағы Liquid Glass интерфейсін және тағы басқа жаңалықтарды іске қосып отырмыз.

Топтық қоңыраудағы пікірлер мен реакциялар

Топтық қоңырау мен бейнечатқа қатысушылар енді сөйлесу барысында ойларымен бөлісу үшін тікелей қоңырау бетбейнесінде пікірлер мен реакциялар жібере алады.

Пікірлер мен реакциялар — қоңырау экранында қысқа уақытқа көрінетін уақытша хаттар, олар ақпаратты тез растауға 👍, қолдау көрсетуге ❤️ немесе үнсіз отырғанда сұрақтар қоюға ыңғайлы.

Пікірлер мен реакциялар әзірге 1000-нан аз қатысушысы бар топтардағы топтық қоңыраулар мен бейнечаттарда қолжетімді.

Пікір немесе реакция жіберу үшін «Жазу» батырмасын басыңыз. Тек эмоджи жіберсеңіз, қоңыраудағы адамдар анимацияланған реакцияны көреді.

iOS 26 арналған Liquid Glass

iOS-қа арналған Telegram енді iOS 26 стандартымен үйлесетін жаңартылған Liquid Glass бетбейнесін қолдайды. Төменгі навигация тақтасы, пернетақта, стикер тақтасы және басқа да элементтер мөлдір қабаттармен, айналдырған кезде жағымды жарықтың сынуы әсерімен көрсетіледі.

Apple-дің өзгеріп жатқан iOS 26 стандарттарына сай, қолданба дизайнын жаңартып отырамыз.

Контактілерге арналған ескертпелер

Telegram контактісін қосқанда немесе өңдегенде, енді өзіңізге ғана арналған жеке ескертпе қалдыра аласыз, мысалы: қайда танысқаныңызды, оның жұмыс орнын немесе сүйікті балмұздағын белгілеу үшін.

Контактіге арналған ескертпелер тек сізге көрінеді және қолданушының Telegram бейінінде, оның өзі жайлы тармағының астында көрсетіледі.

Біреуді контакт ретінде қосу үшін оның бейінін ашып, «Контактіге қосу» батырмасын басыңыз. Қолданушы контактілеріңізге қосылғаннан кейін, оның бейініндегі «Өңдеу» батырмасын басып, ескертпе орната аласыз немесе бейін суретін өзгерте аласыз.

Ұсынылатын туған күндер

Біреудің контакт деректерін өңдеген кезде, оның бейініне қосу үшін туған күнін ұсынуға болады, осылайша достары оны Telegram сыйлықтарымен және лебізге толы хаттармен құттықтай алады.

Сіз күнді ұсынғаннан кейін, ол чаттасыңызда арнайы хат ретінде көрінеді, ал ол туған күнін бейініне бір басумен қоса алады.

Ұсынылатын туған күндер

Өз туған күніңізді бейініңізге Баптау → Өңдеу → Туған күн арқылы қоса аласыз.

Жаңа бейін түсі баптаулары

Енді бейініңіздің көрінісін негізгі Баптау бетінен тікелей өзгерте аласыз. Дайын түс тақырыптарынан бөлек, сыйлық таңдауға болады, оның бейнесі мен таңбасы бейін мұқабаңызда қолданылады.

Кейбір жиынтық сыйлықтар енді бірегей жауап стилдерін ашады және олардың тұсқағазы мен таңбасын сіз жіберетін сілтемелерге және сіздің хатыңызға берілетін жауаптарға қосуға мүмкіндік береді.

Бұл сыртқы кейіп баптаулары тек Telegram Premium жазылушыларына қолжетімді, онда тағы да көптеген қызық әрі мықты мүмкіндіктер бар.

ЖИ боттарға арналған тақырыптар мен ағынды жауаптар

Боттар енді тақырыптық чаттарды қолдайды, бұл бір уақытта бірнеше түрлі тақырыпты тәртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе ЖИ чатботтар үшін ыңғайлы, қолданушылар алдыңғы тақырыптардағы ақпаратқа оңай қайта орала алады.

Толық жауапты күтудің орнына, чатботтар енді жауаптарын жасалған сәттен бастап ағынды түрде көрсете алады.

Telegram үлкен тілдік модельдерге және ЖИ платформаларына жазылым жоспарлары арқылы боттардан табыс табуға, әрі қарай дамуын қолдауға мүмкіндік береді.

Бұл мүмкіндіктер қолданушыларға қолжетімді болу үшін, әзірлеушілер оларды арнайы қосуы қажет. Толығырақ мына бетте.

Сыйлық бетбейнелері жақсартылды

Сыйлық жіберу бетбейнесі енді қарапайымырақ, барлық қолжетімді сыйлық бір тізімде көрсетіледі, соның ішінде сыйлық нарығында қолжетімді сыйлықтар да бар.

Жаңартулар белгілі бір сыйлық үшін шыққаннан кейін, жаңарту құны уақыт өте келе біртіндеп төмендейді.

Жаңарту интерфейсі енді жаңартудың нақты уақытын көрсетеді, содан кейін ол төмендетілген бағамен қолжетімді болады.

Бағаны төмендету кестесін жаңарту

Сыйлық сипаттамаларын жою

Сіз басқа қолданушылардан алатын немесе нарықта сатып алатын сыйлықтарда көбіне кім жібергені және жеке хаты көрсетіледі.

Бейініңізде бұл мәлімет көрінбесін десеңіз немесе сыйлықтың қайта сату құнын арттырғыңыз келсе, жұлдыз көмегімен сыйлық сипаттамаларын жоя аласыз.

Сыйлық сипаттамаларын жою

Бір рет жойылғаннан кейін, сыйлық сипаттамасы Telegram ішінде көрінбейтін болады.

Блокчейн сыйлықтарын көрсету

Қолданушылар қауіпсіздікті ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін сыйлықтарын блокчейнге шығара алады. Бүгіннен бастап тіркелгіңізді Fragment қызметімен байланыстырсаңыз, блокчейн сыйлықтарыңызды өзіңіздің Telegram бейініңізде көрсетуге болады.

Блокчейн сыйлықтарын көрсету

Қате мен ұсынысқа арналған шағын қолданбасы

2020 жылы Telegram қолданушыларға қателерді хабарлауға және жаңа мүмкіндіктер ұсынуға болатын сайтты іске қосты.

Енді қате мен ұсынысқа арналған платформасы ресми шағын қолданба ретінде де қолжетімді, сондықтан кез келген адам қолданбадан шықпай-ақ, бар болғаны бірнеше рет басып, қате жайлы есеп немесе ұсыныс жібере алады.

Telegram негізін қалаушы бүгін 41 жасқа толды, бірақ тойламай жатыр. Неліктен екенін мына жазбадан біліңіз.


2025 жылы 10 қазан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026

멤버 태그, 텔레그램으로 로그인, 공유 비활성화, GIF 편집, 날짜 형식 지정, 투표 타임스탬프

오늘 업데이트에서는 그룹 구성원이 자신을 나타낼 수 있도록 태그를 추가하고, 특정 1:1 대화에서 메시지 공유를 비활성화하는 설정, GIF 편집 및 캡션 기능, 텔레그램으로 앱과 웹사이트에 가입 및 로그인할 수 있는 새로운 도구 등 다양한 기능이…
1 нау 2026

새로운 디자인, 제작 기능 등

이번 업데이트는 안드로이드용 텔레그램 역사상 가장 큰 인터페이스 업데이트와, 독점적인 새로운 선물을 제작할 수 있는 크래프팅 시스템 등 다양한 기능을 추가합니다.
9 ақп 2026

AI 요약, 새로운 디자인 및 기타 기능

텔레그램의 2026년 첫 번째 업데이트는 iOS에서 더욱 많은 Liquid Glass 인터페이스와 채널 게시물 및 인스턴트 뷰 페이지에 대한 AI 요약 기능을 제공합니다. 이 모든 것은 프라이버시 극대화와 사용자 데이터 보호를 위해 설계되었습니다.
3 қаң 2026